Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы
29 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Петропавл қаласында 29 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз күші секундына 15-20 метр.
Ақтөбе облысы
29 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
29 маусымда Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с.
Семей қ: 29 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысы
29 маусымда Павлодар облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар қаласында 29 маусымда батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Шығыс Қазақстан облысы
29 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с.
Өскемен қ: 29 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Маңғыстау облысы
29 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында 29 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
29 маусымда күндіз Костанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысы
29 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 29 маусымда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
29 маусымда күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі.
Ұлытау облысы
29 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
28 маусымда Ақтөбе облысында оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
28 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 28 маусымда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана
Астана қаласында 28 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қарағанды облысы
28 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 28 маусымда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында 28 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с күтіледі.
Алматы облысы
28 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
Алматы қ: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Атырау облысы
28 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қаласында 28 маусымда түнде және таңертен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Түркістан облысы
28 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр. 28 маусымда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласында 28 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 28 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
28 маусымда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында 28 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
28 маусымда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде секундына 15-20 метр, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр.
Көкшетау қаласында 28 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қызылорда облысы
28-30 маусымда Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында 28-30 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!