Ауа райына байланысты бірқатар өңірде тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 6 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
- Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ а.- Қызылорда облысы шекарасы).
- Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шекарасы-Арал қ.).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz