Ауа райына байланысты бірқатар облыста тасжол уақытша жабылады

Ауа райына байланысты бірқатар облыста тасжол уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты жол уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Қызылорда облысында сағат 18:00-ден бастап РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы бағытындағы автожолдың 1760–2000 шақырым аралығында, Шаған ауылынан Жаңақорған кентіне дейінгі бөлігі жабылды.

Бұдан бөлек, аймақта сағат 21:00-ден бастап осы трассаның 1474–2000 шақырым аралығы, Айтеке би ауылынан Жаңақорған кентіне дейінгі бөлігі де жабық. Жолдың шамамен ашылу уақыты - сенбі күні сағат 07:00.

Ақмола облысында сағат 19:00-ден бастап Астана - Қарағанды - Алматы автожолының 30–92 шақырым аралығында, "Жібек Жолы" ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін, жүк және қоғамдық көлік үшін дәл осындай шектеулер енгізілді. Қарағанды облысында - 92–164 шақырым аралығында, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ПВП-сына дейін. Қозғалысты қайта ашудың болжамды уақыты - сенбі күні 09:00.

Абай облысында сағат 20:00-ден бастап ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан айналма жолы - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы бағыты бойынша, 587–910 шақырым аралығында, Павлодар облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында сағат 20:00-ден бастап осы жолдың 427–587 шақырым аралығында, Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі бөлігі бойынша дәл осындай шектеулер енгізілген. Жол сенбіде 09:00 ашылмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget