Ауа-райы: Таяуда Қазақстанның басым аумағында күн суытады

Алдағы үш күнде Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде күн суытады. Синоптиктер қазан айының 20-22 күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, бірқатар аймақта күн суытып, жел күшейіп, жауын-шашын мол түседі. Батыста, солтүстік және орталықта жаңбыр қарға ұласып, таңға қарай тұман түседі.

"Ауа-райы солтүстік өңірлерде суық болып, түнде 0-5 градустан 3-11 градусқа дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Ал оңтүстіктің кей жерінде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз батыста ауа температурасы -3 пен +8 аралығында, солтүстік, шығыс және орталықта -5 пен +2 аралығында өзгереді, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 2-13 градус жылы болады", — деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қыс мезгіліне болжам жасаған болатын. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамы бойынша, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткішке жақын болады, ал қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суығырақ.

Дереккөз:tengrinews