Таяу күндері елімізде ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі. Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, тропосферада орналасқан ауа массасының батыстан-шығысқа қарай көшуі Қазақстанның солтүстік бөлігінде температураның анағұрлым көтерілуіне әкеп соқты. Егер өткен аптада температура нормадан 8-13 градусқа төмен және түнде 30 градус аяз болса, алдағы үш күнде Атлантика аудандарынан ауысатын жылы ауа массалары әсерінен республиканың барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болады.
"Сонымен қатар көптеген облыста бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста Сібір антициклоны тау сілемдерінің әсерінен жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы уақытта тұман болады", − деп хабарлады метеорологтар.
Дереккөз: tengrinews