Таяу күндері Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон келеді. Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Сібір мен Қазақстан арқылы өткен атлантикалық циклон республикамыздың солтүстігінде қарлы боран мен желдің күшеюіне cебепкер болды. Кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 36 метрге дейін жетті. Алайда 10 желтоқсанда бұл циклон Батыс Сібірдің солтүстік-шығысына ауысып, Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон келеді.
"Осыған байланысты таяу күндері қар мен боран және дауыл басылып, есесіне ауа температурасы төмендейді. Дегенмен ол климаттық нормадан жоғары болады. Бірақ бұған дейін болғандай 8-13 градус емес, 2-5 градус", − деп хабарлады метеорологтар.
Дереккөз: tengrinews