- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Сәуірдің...
Ауа райы: Сәуірдің соңғы күндері жылы болады
Қазақстан аумағында таяу күндері күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.
"Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы жексенбі күні өткен Оңтүстік Каспий циклоны Алматы облысының таулы аймақтарында өте қатты жаңбыр шақырды. Осы циклонның артынан Кавказдан антициклон таралады, сондықтан жақын арадағы үш тәулікте батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтілмейді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандары 28 сәуірде суық арктикалық фронттар ықпалында болады, сондықтан жаңбыр, түнгі уақытта сулы қар әлі сақталады", - делінген хабарламада.
Метеорологтардың мәліметі бойынша, сәуірдің соңғы күндері республиканың барлық аумағында ауа температурасы шамамен 20 -30 градусқа дейін жылы болады.
сурет: tn.kz
Н. Айдархан