- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Республика...
Ауа райы: Республика бойынша аяздың беті қайтады
Синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдымыздағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте тұман түсіп, жауын жауып , жолдарда көктайғақ болады.
"Оңтүстік-батыс желінің күшеюіне байланысты республика бойынша аяздың беті қайтады: еліміздің басым аумағында түнде 0-5 градус суық, күндіз -3+3 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде 0-5, күндіз 3-10 градус жылы болады", - деп хабарлады метеорологтар.
Айта кетейік, синоптиктер желдің күшеюіне байланысты ескерту жасады. 3 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін күшейеді және бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар, Астанада 3 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деген болжам бар.