Ауа райы нашарлағанда тасжолда қалсаңыз не істеу керек?

Ауа райы нашарлағанда тасжолда қалсаңыз не істеу керек?
Фото: СҚО ПД

ТЖМ қызметкерлері ауа райы нашарлағанда тасжолда қалсаңыз не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райының нашарлауы күтіліп отыр (ауа температурасының төмендеуі, көктайғақ, үстіңгі қар).

Осыған байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды, сондай-ақ дауылды ескертулер жарияланды.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Ауа райына байланысты ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
  • Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина