Ауа райы нашар: Астанада сабақтар қысқартылды

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда мектептерінде 6 қараша күні желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды.

6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарды. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет.

Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз