Қазгидромет 10, 11, 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райы тұрақсыз болады
Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, оңтүстікте жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттар әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
12 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, алайда жылы ауа райы сақталады. Сонымен қатар, батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақталады.
Ауа температурасы
Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13…+23 градусқа дейін, орталықта +15…+25 градусқа дейін төмендейді. Ал батыста ауа температурасы біртіндеп +20…+28 градусқа дейін жоғарылайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова