Қазақстанның батысында алдағы демалыс күндері ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялап отыр.
"Күндіз 31 мамыр-1 маусымда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады", - делінген "Қазгидромет" кәсіпорнының хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде 28-30 мамыр аралығында күннің ыстық болатыны хабарланған еді. "Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаздағыдай ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы орнады. Бұл орташа көпжылдық мәннен 3-7 градусқа жоғары, күндізгі температура 30-35 градусқа дейін, кейбір жерлерде 38 градусқа жетті. Бірақ антициклонның әсерінен республиканың басқа аймағында да жылы, күндіз ауа температурасы 20-30 градус, ал оңтүстік-шығыста 35 градусқа дейін жылынады, ол нормадан 2-4 градусқа жоғары, жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр болуы мүмкін", - деп хабарлады метеорологтар.