Синоптиктер 2015 жылдың 22-24 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын жария етті.
"22-24 желтоқсан аралығы жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні болады. Ал осы түндерді өткеруге бізге Атлантикадан келетін циклон көмектеседі", − дейді синоптиктер. Олардың айтуынша, бұл циклон Қазақстанға жылы ауа әкеледі. Десе де облыстарда қар жауады және жел тұрады деп күтіліп отыр. Бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстік және орталық және шығыс облыстарында жылымық сақталады.
"Күндіз 5 градус нөлден төмен... 3 градус нөлден жоғары. Батыста және оңтүстікте 0-8 градус жылы болады, жауын-шашын, тұман және мұзтайғақ күтіледі", − делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Дереккөз: tengrinews