"ҚазАвтоЖол" қазіргі жағдай туралы ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 15:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына, нақтырақ айтқанда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)" автожолының 18–232 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін жылдамдық режимі шектелді: 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін.
Сондай-ақ, ШҚО-да Осинов асуындағы ауыр таулы жағдайға байланысты "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнарлары" автожолының 46–66 шақырым аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы учаскесі) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген.
Бұдан бөлек, Павлодар облысында "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы көлік айырығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтар зақымдануына байланысты "Қалқаман" айырығы учаскесі жабылды: Қалқаман кентіне кіру және Астана бағытына шығу уақытша тоқтатылған.
Қалқаман кентіне Павлодар жағынан кіру Баянауыл көлік айырығы арқылы (3 км) жүзеге асырылады.
Астана бағытына шығу Береке көлік айырығы арқылы, "Қалқаман – Ақсу" бағытымен (6 км) іске асырылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz