Синоптиктер 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Демалыс күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында климаттық нормадан 3-8 градусқа, ал солтүстік және шығыс облыстарда 9-13 градусқа жылы болды", − деп хабарлайды синоптиктер.
Республика аумағындағы ауа-райына ықпал ететін антициклон үш тәулікте ақырын шығысқа қарай ығысады. Оның соңынан Поволжья аудандарынан және Каспий теңізінің оңтүстігінен атмосфералық фронттармен циклондар жылжи бастайды. Олар ең бірінші батыс аудандарға және кейіннен оңтүстік, орталық, солтүстік өңірлерге жауын-шашын, қар, мұзтайғақ туғызады. Температура анағұрлым төмендейді, бірақ нормадан 2-7 градус жылылық сақталады.
Дереккөз: tengrinews