- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Еліміздің...
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото:
tn.kz
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Батыс Сібірді жайлаған циклонға байланысты қалыптасқан суық атмосфералық фронт - алдағы екі тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағайлы және екпінді желі бар өткінші жаңбыр жаудырады", - делінген хабарламада.
Ал республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, синоптиктердің болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысым аясының әсерінен ыстық және жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек Алматы облысының таулы аудандарында ғана өткінші баяу жаңбыр жауады.
М. Бисембаева