Таяу күндері елімізде күн суытады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Синоптиктер 2016 жылдың 26-28 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда жылы ауа райы ұзақ уақытқа созылды. Алдағы үш тәулікте Батыс Сібір аудандарының шығысында орналасқан циклонның әсерінен еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерінде жаңбыр, ал түнгі уақыттарда қар жаууы мүмкін.
"Түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін суық, 2 градус жылы, ал күндізгі уақытта 9-15 градус жылы болады. Бұл осы кезең үшін көпжылдық орташа көрсеткіштерге жақын. Қалған аймақтарда кей жерлерде найзағай түсіп, жаңбыр жауады, ал температура қатты өзгеріске түспейді", − деп хабарлады "Қазгидрометтегілер".
Дереккөз: tengrinews