- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Екі...
Ауа райы: Екі облыста найзағай ойнап, жел күшейеді
Маусымның 2-4 аралығында Қазақстанның батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте батыс және солтүстік облыстарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Сонымен қатар, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетеді. Алайда ауа температурасы жоғары күйінде қалады. Ал шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклон таралады, бірақ мұнда да күн ыстық болады.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында температура нормадан 3-10 градусқа жоғары болады деген болжам бар. Елімізде жаздағыдай ыстық ауа райы орнады. Максималды температура демалыс күндері 30-35 градусқа дейін көтерілді, батыста және оңтүстікте 38-40 градус болды, бұл нормадан 3-6 градусқа, ал батыста және солтүстік-батыста 7-10 градусқа дейін жоғары. Қазақстанның тек шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасы орташа көп жылдық нормадан 2-5 градусқа төмен болды", - делінген хабарламада.
М. Бисембаева