- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Алдағы...
Ауа райы: Алдағы үш күнде жауын-шашын болады
Алдағы үш күнде еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ЕТР үстінде қалыптасқан циклонның әсерінен республиканың көптеген облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
"Желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы нормадан 2-3 градусқа төмендеп, аздап салқындайды", - деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, 16 мамырда Алматыда қатты дауыл тұрғаны хабарланған болатын. Қатты желдің салдарынан қаланың кейбір көшелерінде ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Ауа райындағы келеңсіздіктерге байланысты әуежайда бірнеше рейс тоқтатылды. Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, дауыл кезінде желдің жылдамдығы секундына 11 метрге дейін жеткен. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.
М. Бисембаева