Алдағы күндері елімізде күн суытады. Синоптиктер 2016 жылдың 9-11 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.
Мамандар демалыс күндеріндегі аномалды жылы ауа райынан соң қыс өзінің кәдімгі күйіне кайтып оралатынын болжады. "Оңтүстік-батыс тропосфералық ағымдар солтүстікке ауысып, сонымен Қазақстанға арктикалық кеңдік ауасы суық фронттармен келеді. Алдағы үш күнде қар, көріну қашықтығы 500 метр бұрқасын, секундына 15-25 метр болатын жел және түнгі температураның 23-30 градусқа төмендеуі, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күтіледі", − деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауан-шашын күтіледі. Жаңбырдың арты қарға айналып, таулы аймақтарда қатты жауан-шашын болады. Тұман мен көктайғақ болып ауа райы суытуы мүмкін.
Дереккөз: tengrinews