- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Алдағы...
Ауа райы: Алдағы күндері қар жауып, бұрқасындатады
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық жерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Бұрқасындатып, оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауып, кей жерлерде күшті жел тұрады.
"Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде мұзтайғақ, тұман болады. Республиканың батысында ауа температурасы түнде 10-20 градустан 5-15 градусқа дейін суытады, күндіз 0-8 градус аяз; солтүстікте, шығыста 10-30, күндіз 10-20 градусқа дейін суытады; орталықта түнде аяз 0-18 градустан 10-23 градусқа дейін күшейеді, күндіз 3-12 градустан 7-15 градусқа дейін аяз болады", − деп хабарлады елдің метеоқызметіндегілер.
Қазгидромет өкілдерінің айтуынша, Алматыда 5 қаңтарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман түсіп, 6 қаңтарда күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 0-2 градус суық, күндіз 0-2 градус жылы, 6 қаңтарда түнде 2-4 градус суық, ал күндіз 2-4 градус жылы болады.
Астанада 5 қаңтар күні қар жауып, бұрқасындатады. 6-қаңтарда қар жауады. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 13-15 градус суық, түнде 24-26 градус, күндіз 19-21 градус аяз түседі.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін