Қыркүйектің 19-ына дейін еліміздің басым аумағында жауын жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклон шығысқа қарай ауысып барады. Алайда оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан атмосфералық фронттар қайта келе жатыр.
"Осы фронттардың себебінен республиканың көптеген облысында ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, бірақ үсік жүрмейді", - деді метеорологтар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатынын болжаған еді.