Ауа райы: Алдағы күндері жаңбыр жауады

Ауа райы: Алдағы күндері жаңбыр жауады
Фото: massaget.kz

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады деп күтілуде, − деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны.

"Қазақстанның ауа райын Жерорта теңізінің аудандарынан солтүстік-шығысқа қарай бағыт алған белсенді циклон анықтайды. Алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында циклонның әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, солтүстік облыстарда қар мен мұзтайғақ, ал түнгі және таңғы уақыттарда республиканың басым бөлігінде тұман болады", − делінген хабарламада.

Оңтүстік облыстардың таулы аудандарында 31 наурызда жаңбыр құйып жауады. Ауа температурасы қыс маусымындағыдай климаттық қалыптан 5-13 градусқа жоғары болады.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін