- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауа жетпей тұншыққан"....
"Ауа жетпей тұншыққан". Болгарияда жүк көлігінен 18 босқын өлі табылды
Болгарияда жүк көлігінен 18 босқынның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, олардың арасында балалар да бар. Еуропаға заңсыз кірмек болған Ауғанстан азаматтарының өліміне қатысты 7 күдікті қамауға алынды. Оқиға София қаласының маңында болған. Көлікке бас-аяғы 52 мигрант мінгені анықталды.
Олардың 19-ы ауруханаға түсті. Босқындарға ауа жетпей, тұншығып қайтыс болған. Адамдар жүктердің арасына жасырынған. Әрқайсы діттеген бағытқа жету үшін 5 мың еуро төлеген екен. Мигранттарды тасмалдағандар көлікті тастап, оқиға орынан қашпақ болғанда ұсталыпты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина