- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа желдеткішіңіз болмаса:...
Ауа желдеткішіңіз болмаса: аптаптан сақтану жолдары
Фото:
elements.envato.com
Жаз басталғалы ауа температурасы күрт жоғарылай бастайды. Мұндайда сыртқа шығудан бөлек, желдеткіші жоқ пәтерде отыру мүмкін емес. Пәтерді салқындатудың түрлі амалы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
- Бөлмеге күн сәулесі түспеуі үшін перде іліп қойыңыз. Күндіз де пердені ашпаған дұрыс.
- Егер бөлмені тым қараңғы еткіңіз келмесе, сондай-ақ, кондиционерді қосқыңыз келмесе, терезелердің үстіне күннен қорғайтын жапсырма іліп қоюға болады. Бұл пәтерді қараңғы етпей, бөлменің ысып кетуінен қорғайды.
- Бөлмені желдетіп тұрған жөн. Бұл үшін терезені таңғы не түнгі уақытта ашқан дұрыс. Одан басқа, түнде терезе ашып ұйықтасаңыз, таң ата жауып қоюды ұмытпаңыз.
- Бөлмедегі ауаны ылғалдандырып қойған дұыс. Салқын су немесе пәтерге арналған себетін иісшығарғышты әр жарты сағат сайын шашып қойсаңыз болады.
- Күндіз компьютер, теледидарды пайдаланбауға тырысыңыз. Олар ауаны қыздырады.
- Тамақ істеп жатқанда ауа сорғышты пайдаланыңыз.
- Қарапайым желдеткіш алдында салқын су қойсаңыз, салқын ауа соғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек