- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атышулы сот процесі:...
Атышулы сот процесі: Түркістан облысында ауылдасын басынан балталап өлтірген ер адам сотталды
Түркістан облысында атышулы сот процесі аяқталды. Айыпталушы - Түлкібас ауданы Жыланды ауылының 57 жастағы тұрғыны. Ол ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінген Тергеу мәліметінше, ол марқұмның 8 қабырғасын сындырып, басы мен қолын шауып тастаған. Айыпталушы сотта марқұм ұры екен деп өзін қорғамақ болғанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
"Ол адам (марқұм-еск.) мені тоқтамай ұрды. Өзімді қорғадым. Білмеймін. Ол түні не болғанын түсіндіре алмаймын. Көп нәрсе есімде жоқ", - дейді айыпталушы.
Күдіктінің сөзінше, сол түні ол үйінде жалғыз болған. Ал отбасы мүшелері Шымкентке кетіп қалған. Сот-медициналық сараптама бойынша күдіктінің қан құрамында алкоголь анықталмады. Психикалық ауытқу да болмаған. Ол кінәсін толық мойындады.
"Түнгі 01.30 шамасында марқұм мас күйде айыпталушының үйіне балтамен келген. Марқұм ер адам айыпталушының басынан балтамен ұрған. Сол кезде күдікті жақын жерде тұрған қайшыны алып марқұмның сол қолынан бірнеше рет ұрған, артынша қолынан балтаны тартып алып, марқұмның басынан бірнеше рет ұрған. Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Күдіктінің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сарапшылардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Ауыр қылмысы үшін сот үкімімен ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина