Атышулы блогер Мұрат Әбділда түрмедегі өмірін айтып, алғаш рет сұхбат берді

Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда танымал блогер Мұрат Әбділда жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мұрат Әбділда колонияға 2022 жылғы мамырда келген. Ол бірден өз еркімен жұмыс істеуге кірісіп, дәнекерлеушінің көмекшісі болған. Қазір блогер үйреніп жүр әрі оған қарапайым, қауіпсіз жұмыстарды сеніп тапсырады екен.

"Мұнда келгенде, көпшілігі мені таныды, маған "көп жерде ән айтып, шығып жүрген сен бе?" дейді. ...Барлығы маған жақсы қарайды, ешкім мазақтамайды, әкімшілік жағынан да бәрі жақсы. Бірден цехқа орналастырды, дәнекерлеушінің көмекшісі болып жұмыс істеймін әрі жалақым бар. Тек анамды сағындым...", - дейді Мұрат Әбділда.

Otyrar.kz

Мұраттың айтуынша, анасынан басқа ешкім келмеген. Оның досы көп болған, түрмеге түскен соң бәрі жоғалып кеткен.

"Бұл әлемде маған тек анама керегімді түсіндім, ол үшін оған ризамын. Мен мұнда көп нәрсені түсіндім және өкінемін, Алла тағаланың және анамның алдында өкінемін",- дейді Мұрат Әбділда.

Оның сөзінше, түрмеде жай отырмай, кітап оқып, жұмыс істеп жүр екен.

"Дәнекерлеушінің көмекшісі болып жұмысқа тұрдым, әкімшілік маған осындай мүмкіндік берді. Темір тордың ар жағында жай отырмаймын, Мұқағали Мақатаевты оқимын, өлең жазамын. Әрине, темір тор жақсы емес, бірақ шағымданбаймын, демек тағдырым осындай деген сөз", - дейді Мұрат Әбділда.

Мұрат Әбділда парақшаларын ешкім өшірмегенін, жұмыс істеп тұрғанын айтты. Блогердің барлық жеке парақшасын досы жүргізеді.

"Instagram-ды қазір досым жүргізеді, онда жарнама немесе мен туралы ақпарат жариялайды. Досым жиналған ақшаны анама береді. Айтпақшы, оқырмандар азайып қалды, өйткені мен жоқпын, былай бәрі жақсы. Шыққан соң тағы жинаймын", - деді блогер.

Айта кетейік, оның Instagram-да 40 мыңнан аса және Tiktok-та 111 мыңнан аса оқырманы бар. Ол әлеуметтік желілердің жұлдызы болуды да ойламаған. Блогер жай ғана ән айтып, түрлі видеолар түсіріп жариялап жүрген, кейін оны халық тани бастаған.