Атышулы Айканың сыбайласы бостандыққа шықты

Атышулы Айканың сыбайласы бостандыққа шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі "жеңгетай Айка" деген атпен танымал болған элиталық эскорт желісін ұйымдастырушының сыбайласы бостандыққа шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жеңгетей" Айканың сыбайласы Т. түзеу мекемесінен шыққан. Ол 2024 жылы адамдармен бірге жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын (ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 309-бабы 2-бөлігі 1-тармағы).

Жазаның өтелмеген бөлігі айыппұлмен алмастырылған.

"Сотталушы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Сот органдары жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған ІІМ-нің Tengrinews.kz-ке берген жауабында.

Айта кетейік, 2024 жылы 21 мамырда Алматының Әуезов аудандық соты Айканы жеңгетайлықпен айналысқаны және аса ірі мөлшерде психотроп затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Оның сыбайласына 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айка Алматыдағы "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы ретінде белгілі. Алайда ол өзін Instagram желісінде сән-салтанатқа толы өмір салтын көрсететін блогер ретінде таныстырады. Ол үнемі саяхаттары, қымбат сыйлықтары мен люкс көліктерінің сурет-видеоларын жариялап отырған. 2023 жылы маусымда Айка ұсталғаны белгілі болды.

Instagram/LoveAika

Еске салайық, былтыр "элиталық эскорт" желісі бойынша айыпталып, 2024 жылы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Айканың жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды. Себебі - кішкентай баласы болуы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget