• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Атышулы әртіс P. Diddy жала жапқаны үшін 50 миллион долларға талап-арыз берді

Атышулы әртіс P. Diddy жала жапқаны үшін 50 миллион долларға талап-арыз берді
Фото: depositphotos.com / s_bukley

P. Diddy сахналық есімімен танымал әйгілі америкалық рэпер Шон Комбс жала жапқаны үшін 50 миллион доллар талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі People басылымына сілтеме жасап.

Ол музыкант Кортни Берджесске, адвокат Ариэль Митчеллге және NewsNation телеарнасының бас компаниясы Nextstar Media Group-қа қарсы сотқа шағым түсірген.

Рэпердің адвокаттарының айтуынша, айыпталушылар қаржылық пайда табу үшін рэперге қарсы жалған ақпараттарды әдейі ойлап тауып, таратқан. Шағымда мұндай мәлімдемелер Комбстың экономикалық беделіне және абыройына нұқсан келтіргені айтылған.

55 жастағы P. Diddy қазір Бруклиндегі тергеу изоляторында күдікті ретінде қамалып отыр. Бірақ ол өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарды.

Еске салайық, рэперге педофилия және жезөкшелік қылмыстарды ұйымдастырды деген айып тағылған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин
Logotype Massaget