Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жоғары оқу орнына қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі өкілі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі монополиялық жоғары бағаға байланысты тергеу басталғанын айтты.
Басылым мәліметінше, университет 70 пайыздан аса үлеспен нарықта басым орынға ие. Бұл ретте кейбір мамандықтарды оқыту құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтар бойынша оқу құнынан 35-60 пайызға жоғары болып шыққан. Мысалы, "Стандарттау, сертификаттау және метрология", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Ақпараттық жүйелер" бағдарламаларының бағасы өсіп кеткен.