Әлеуметтік желіде тұрғындар Атыраудағы шағынаудандардың бірінде жол бойындағы шұңқырларды тегістеп жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Видеодан бірнеше ер адам күрек ұстап, жол бойында жүргенін көруге болады.
Атырау қаласының әкімдігі мәліметінше, жоспар бойынша бұл жолда алдымен кәріз құбырлары ауыстырылуы керек. Сондықтан жол жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр.
"Әуезов көшесінің осы бөлігіндегі жол төсемі астында тозығы жеткен кәріз құбырлары бар, оларды ауыстыру керек. Қазір жаңа кәріз желісін тартудың жобалық құжаттамасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Жақында жұмыс басталады. Кәріз желісі ауыстырылғаннан кейін жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.