- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраулық тұрғын үш...
Атыраулық тұрғын үш қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды
Атырау облысы Жылыой ауданында тұрғын 3 қой ұрлағаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған Л.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).
Ол 2023 жылдың желтоқсан айында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, азамат Е.Р.-ға қойларды арзан бағаға сатқан.
ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина