- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төбелес
Атыраулық шенеунік төбелестен кейін комаға түсті

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде төбелестің салдарынан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті төрағасының орынбасары жарақат алып, комаға түскені туралы ақпарат тарады. Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған.
Желіде тараған хабарламада жанжалға прокуратура қызметкері мен Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысқаны айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған қатысты Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі түсінік берді.
"Атырау облыстық полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бас көлік прокуратурасы барлық мән-жайды, оның ішінде прокурорлардың жанжалға қатысқан-қатыспағанын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", - деді Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес