- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраулық шебер Испанияны...
Атыраулық шебер Испанияны мойындатты
Атыраулық металл саты құрастырушы шебер Дулат Битаков Испаниядан жұмысқа шақыртау алған. 15 жылдық еңбек тәжірибесі бар ол қалай шақырту алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кез келген мансап сатысында жетілуге және өсуге ең алдымен ынта, жұмысқа деген қызығушылық керек. 2008 жылдан бері "Батыс Ескене" (Қарабатан), Қашаған, Атырау өзен порты, "Әбу Даби Плаза" (Астана), Сангачал терминалы (Баку) сынды ірі компанияларда жұмыс істедім. Ағылшын тілін меңгердім. Жақында ғана APEC Training Center орталығында NCCER біліктілікті бағалаудан өтуім халықаралық еңбек нарығына жол ашып отыр. Сондықтан халықаралық деңгейге шығып, шетелде жұмыс істегісі келетін отандастарыма тәуекел етуден қорықпай, мақсатқа қарай ұмтылуға кеңес беремін", - дейді Дулат Битаков.
Еңбек тәжірибесін жетілдіру үшін жат елге аттанған Дулаттың Атырауда отбасы қалды.
"Жұбайымды, балаларымды сағынамын. Түптің түбінде елге ораламын. Қазақстанға оралғаннан кейін ТШО жобасының скаффолдинг секторының мұнай және газ саласын дамытуға үлесімді қосқым келеді", - дейді Дулат.
Дулаттың айтуынша, металл саты құрастырушы шебері болу - тәуекелге барудан қорықпайтын, қорқынышын жеңе алатын нағыз ер адамдарға арналған мамандық.
"Жұмыстарымыз биікте жүргізіледі, сондықтан да тым жоғарыға көтерілуге кез келген адамның батылы бара бермейді", - дейді Дулат.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова