- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраулық полицейлер жас...
Атыраулық полицейлер жас жігіттен шамамен 600 доза "синтетика" тәркіледі
Фото:
видеодан алынған кадр
Атыраулық полицейлер күдіктіден шамамен 600 доза "синтектика" тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мефедронды аса ірі көлемде сатумен айналысқан 1999 жылы туған ер адам ұсталды.
Тәркіленген есірткінің салмағы 175,74 грамм, құны 4 миллион теңгеге жуық болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, ер адам қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан