20 сәуірде Атырау облысының полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.
48 жастағы шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленген.
Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!