Атыраулық компанияға 37 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, Oxygenator ЖШС "Сағыз" полигонында 13 108 тонна мұнай қалдықтарын жинап, Доссор кентінде тұратын 20 мыңнан астам тұрғынның денсаулығына тікелей әсер ететін өрескел факт анықталды.
"Бұдан басқа, полигон аумағында мұнай шламдарын қайта өңдеу бойынша тиісті жабдық болмағанына қарамастан, серіктестік 2022-2023 жылдары мұнай компанияларына қызмет көрсетуді жалғастырған", - деп хабарлады прокурорлар.
Осыған байланысты, Атырау облысының прокуратурасы уәкілетті органға тексеру жүргізу тапсырып, оның нәтижелері бойынша серіктестікке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасақталды.
Атырау әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен серіктестікке 37,4 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды (қаулы заңды күшіне енді).
Өз кезегінде прокуратура меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіргені үшін жауапкершіліктің міндетті түрде болатыны туралы ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!