Атыраулық каратэшілер Астраханьда 60 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
22 қыркүйекте Астрахань қаласында каратэден біліктілік турнирі өтті. Оған Шешенстан, Дағыстан, Краснодар, сондай-ақ Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты.
Атыраулық спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, бір командалық орынды жеңіп алды.
Турнир нәтижесінде атыраулық спортшылар 21 алтын, 18 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды. Спортшыларды Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Андрей Котов, Александр Грузинцев, Рүстем Байбосынов, Ақылбек Садырбеков, Данияр Есенғұлов, Мұстафа Сағындықов және Данияр Гилманов дайындады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!