- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраулық жігіт өзгенің...
Атыраулық жігіт өзгенің жеке басына қатысты видеосын таратамын деп ақша бопсалаған
Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 миллион теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады.
Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.
24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан