- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраулық жасөспірім ұшақ...
Атыраулық жасөспірім ұшақ бортындағы әрекеті үшін жазаланды
Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Air Astana әуекомпаниясының Атырау – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуекемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.
Ол ұшу кезінде әуекемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атыраудың 17 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл мөлшерінде салынды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілінің үстінен де әкімшілік іс қозғалды, ол да 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан