Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты нұсқаны таратқан "хакерді" Интерпол іздестіріп жатыр. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Әлеуметтік желілерде "атыраулық хакер" деген атпен танылған адам өзіне халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Instagram / "Атыраулық хакер"
Атырау облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары ер адам алаяқтық дерегі бойынша іздестіріліп жатқанын нақтылады.
Алдын ала мәліметке сәйкес ол шетелде жүр.
"Атыраулық хакер" туралы не белгілі?
Атырау облысында бір отбасы жоғалғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған адам пайда болды. Ол бұл оқиғаға қатысты "зерттеу" жүргізгенін мәлімдеді. Бұл видео Instagram-да тарап, аз уақыт ішінде кең танымалдыққа ие болды.
Кейінірек полиция "атыраулық хакерге" қатысты мәлімдеме жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова