Атырауға жаңа әкім тағайындалды: Шәкір Кейкиннің орнына кім келді?

Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен, Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Данияр Таханов тағайындалды.

Данияр Таханов туралы не белгілі?

Ол 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін өндірістік-коммерциялық басқару және өндірістік экономика мамандықтары бойынша бітірген. Ол - "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастап, түрлі қызмет атқарған. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеген.

2012-2017 жылдары "Орал" ӘӘК басқарма төрағасының орынбасары және Atyrau Innovations ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап "Атырау" ӘӘК" АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы болып қызмет етті.

2022 жылғы мамырдан бері "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

Бұған дейін Атырау әкімі кім болды?

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Кейінірек облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі редакцияға берген жауабында бұл мәліметті растады.

Экс-әкім қызметінен кетпес бұрын оның орынбасарларына қатысты соталды тергеу басталған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!