Атыраудың қақ ортасында жүк көлігі велосипед мінген адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.
30 мамыр күні сағат 12:00 шамасында Т. Амандосов- Г.Бергалиев реттелген көше қиылысында 1967 жылы туған жүк көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2011 жылы туған велосипед жүргізушісін қағып, жол-көлік оқиғасы болды.
Салдарынан жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!