- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудың жаңа әкімі...
Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашуға тыйым салды
Атыраудың әкім болып тағайындалғанына бір ай болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Шенеунік "Құстар академик Қаныш Сәтбаев ескерткішін ластап, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес" деп, Facebook-тегі парақшасында жазды.
Осылайша, әкім құстарға жем бермек түгілі, коммуналдық қызметтен алаңдағы көгершіндерді қуатын арнайы маманды қоюды талап етті.
"Жоқ дегенде 4-5 сағат уақытымыз кетеді осы жерге. Жеңіс саябағының ішіндегі батырларымызға қойылған ескерткіштеріміз бар. Сол демалатын жерлерге тұрғындар келіп жемдерін шашып осындай лас күйге түсіріп тұр. Әр аптаның сенбісінде жуатын едік. Қазіргі жазғы мезгілде 2 рет, 3 рет жууға тура келіп тұр", - деді "Арнаулы автобаза" ЖШС қызметкері Күлайна Әжіғалиева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан