- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауды басқан көк...
Атырауды басқан көк шаң тұрғындарды шошытып отыр
Атырау көк шаң құрсауында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланы басқан көк шаң жол қозғалысына да қиындық туғызып жатыр.
"Себебі шаң басқан далада алдыңдағы көлікті көру қиындау", - дейді автожүргізуші Альберт Құлмағамбет.
Табиғат жанашырлары жаз мезгілдерінде шаңды дауылдан көз ашпайтын Атырауды шұғыл түрде жасылдандыру керек екенін мәлімдеді.
"Рас, жаз маусымында шаңды дауылдан көз ашпайтын Атыраудың географиялық орналасқан жерінің де әсері бар. Бірақ бұл проблеманың да шешімі болуы керек. Табиғаты қолайсыздау Атырауға қарағаш сияқты талдарды көбірек еккен дұрыс. Бізде тал егілмейді емес, егіледі. Бірақ тиісті деңгейде күтім көрмегеннен кейін, көшеттердің көбі көктемей солып қалады. Сондықтан Атырауды мынадай аласапыран ауа райынан жасыл желек қана құтқарады", - дейді жергілікті экологтар.
Айта кетейік, бұған дейін ауаға тасталған зиян қалдықтар, одан кейін қамыс өртінен зардап шеккен Атырауда экологиялық ахуал нашарлап тұр.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы