Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 22 наурызда сотталғандар төбелескен.
"22 наурызда Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасындағы төбелес салдарынан бір адам қайтыс болды", - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz