Атырау облысының тергеу изоляторы қателесіп, басқа адамды босатып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Фамилиялар ұқсас болуына байланысты тергеу изоляторында осындай жайт тіркелген.
Тергеу изоляторынан босатуға қажет құжаттарды ресімдеу кезінде басқа адамның деректері түсіп кеткен. Құжатқа тергеу изоляторының бірнеше басшысы қол қойған, содан кейін ер адам изолятордан босап шыққан.
Көп ұзамай бұл жайт анықталып, босатылған адам қайтарылған.
Тергеу изоляторы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері келді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова