- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шенеуніктер төбелесі
Атыраудағы шенеуніктер төбелесі: ҚМА мәлімдеме жасады

Қаржы мониторинг агенттігі Атыраудағы шенеуніктер төбелесіне ведомство қызметкерлерінің қатысы бар деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты оқиға туралы БАҚ таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқиға болған жерде Атырау облысы бойынша ЭТТД-нің бірде-бір қызметкері болмаған. ҚМА қызметкерлерінің бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған.
Жанжалға прокуратура қызметкері мен Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысқан деген мәлімет айтылды.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан