Атырауда өрт шыққан сауда үйінде өрт қауіпсіздігіне соңғы тексеру 2019 жылы жүргізілгені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Әсет Сердалин ӨКҚ брифингінде айтты.
Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған қолданыстағы мораторийдің арқасында Baizaar орталығына өрт қауіпсіздігіне соңғы тексеру 2019 жылы жүргізілгені белгілі болды.
"2019 жылы бизнесті қолдау шаралары аясында тексеруге мораторийдің күшіне енуіне байланысты біз кәсіпкерлердің тек 5 пайызын автоматты түрде тексере алдық. Нәтижесінде бірнеше жалға алушылар жазаланды", - деп мәлімдеді ол.
Еске салайық, Атырау облысында ойын-сауық орталығындағы өрт неден шыққаны бүгін белгілі болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!