Атыраудағы психдиспансер 5 миллион теңгеге сатып алған сиыр еті мониторинг кезінде табылмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Мониторинг тобы облыстық балалар ауруханасын, психикалық денсаулық орталығы және онкологиялық диспансерді тексерген. Барлық нысанды тексеру барысында түрлі заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде, азық-түлікті пайдаланудың басталуы туралы таңбалаудың болмауы, дайындалған тағамның әр партиясынан тәуліктік сынаманың болмауы, сондай-ақ көкөністерді сақтау шарттарының болмауы, мысалы, картоп пен пияз еденде тұрған. Мұның бәрі қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді.
"Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, облыстық психикалық денсаулық орталығында осы жылдың наурыз айында 3 612 000 теңгеге 1500 келі сиыр еті сатып алынған. Ал қазан айында 2 268 000 теңге сомасына тағы 1200 келі ет сатып алу туралы шарт жасалған. Алайда, мониторинг барысында емдеу мекемесінде ет жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар, тамақ сурет салу жұмыстары қатар жүргізілетін бөлмеде дайындалғаны анықталды. Бүгінде осы орталықта стационарлық емделуде 120 ға жуық науқас бар", - делінген Атырау облыстық Антикор қызметінің хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!